Русский Сайттың толық нұсқасы

"АЭС экономиканың ілгерілеуіне сеп болады", - ғалым

Атом электр стансысын салу экономиканың өркендеуіне ықпал етіп, халықтың тұрмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Ғалымдар осылай дейді. Қазір елдегі жылу электр станцияларының 70 пайызы тозған. Қуат көзін тұтыну да күн санап артып жатыр. Ғалымдар энергия болмаса елге инвестор тартып, түрлі зауыт фабрикаларды соғу қиындайды дейді. Бұл экономикамызға кері әсер етуі мүмкін. 

САҒАТ МҰХАМЕДИН, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Еліміздің энергетикалық қамтамасыз етуі әлі өз орнына келген жоқ деп айтамын. Бізде пайдалануға берілген электр энергиясының қуаты өте аз. Міне, осындай жағдайлар болмау үшін атом электр стансысының салынуы, оның пайдалануға берілуі өте қажет.