Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада алғаш рет арқан тартыстан ашық турнир өтті

Астанада алғаш рет арқан тартыстан ашық турнир өтті. Сайыста еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған командалар бақ сынады. Жарыстың өтуіне "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы" мұрындық болды. 

Сайысқа білек пен жүректі 6 жігіттен құралған 10 команда қатысты. Қосалқы құрамда тағы 2 адам бар. Додаға барлық спортшы тыңғылықты дайындықпен келген. Жарыста күшпен қатар ептілік, ко­ман­даның ұйымшылдығы өте ма­ңыз­ды дейді - қатысушылар.

ӘЛІШЕР ҚАНАТБЕК, АБЫРОЙ КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бірінші ойынды жеңдік. Қарсыластар өте мықты болды. Енді бұл жерде тек күш ғана емес, техникада керек. Оған біз көптеген күн, айлап осы жарыста бірінші орын аламыз деген үміттеміз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық спортымызды дамыту. Сондай-ақ командалық рух пен бірілікті қалыптастыру дейді.

ӘЛІШЕР ИСЛАМ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Негізі бұл спортқа судия деген жоқта. Ең күшті дегендері ұтады. Бұл жарысқа әртүрлі спортсмендер қатысып жатыр. Құдай қаласа енді дәстүрлі түрде өткіземіз деген сондай мақсатымыз бар. Спортымыз дами берсін.

ҚАНАТ ЕСТЕК, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл негізі өте бір керек. Бүгін ғана біз қарастырып жатырмыз наркомания туралы. Бұл наркоманияға тікелей қарсы күресу жолың жою. Мысалға жастарымыз тек қана спортпен айналысса кәдімгі денсаулықтары мықты болады. Ұлттық ойындарын біліп жүреді.

Білекті жігіттердің жарысын тамашалауға жиналған жұртшылықтың қарасы көп болды. Жарыстың жалпы жүлдесі 1 млн теңге. Финалдық кездесуде өскемендік "қолкүрес" командасы жеңіске жетіп, 500 мың теңгеге ие болды. Ал, екінші орынға "Абырой" жайғасса, үздік үштікті "Барыс" командасы қорытындылады.