Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы оралман қандасымызға қол ұшын созды

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2017
  • 3013

«Нұр Отан» партиясының Атырау филиалы тарихи отанына оралған қандасымызға қол ұшын созды. Өзбекстаннан қоныс аударған Аққұл Өзбеков бас партияның көмегі арқасында алаңсыз балаларының сабағын қадағалап жүр. Бірақ бұл күнге жету оңай болған жоқ,- дейді.

2015 жылы Қазақстанға келіп, құжат жинап жүрген кезінде, тіркелу мерзімі өтіп кеткен. Осылайша Өзбекстанға оралып, құжат рәсімдеуді қайта бастауға мәжбүр болады. Кезіккен кедергілерді шеше алмасын білген соң, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауынан көмек сұрапты. Осылайша ықтияр хат алуы жеделдеген. Жалпы «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына келушілердің 10 пайызы осы құжат мәселесін шеше алмай келеді екен.

Аққұл Өзбеков:

«Нұр Отан» партиясы - кез-келген мәселені шешуге көмектесетін партия. Олар маған екі мәрте қол ұшын созды. Партияның Атырау облыстық, қалалық филиалдарына алғысым зор. Менің тағдырыма бей-жай қарамай,  жан-жақты көмектесті. Әрине, біз де мемлекетке  пайдалы болуға тырысамыз. Отанға адал қызмет етеміз.

Гүлнәр Шантемірова, «Нұр Отан» партиясы АОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

2017 жылдың бірінші тоқсанында 75 қабылдау өткізіп, 126 азаматқа кеңестер берілді. Біздің азаматтардың ішінде көбіне азаматтық алу, ықтияр хат алуға, тұрақты есепке отыруға көптеген азаматтар оралмандар келеді.