Ысырапқа
жол жоқ. Ақтөбеде қазаға жайылатын дастархан мәзірі реттелетін болды. Енді қаралы үй жиналған
жамағатқа ұлттық тағамдар мен құрма, кәмпит пен күлше ғана ұсынуы тиіс. «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» деген
атаумен өткен конференцияға жиналғандар осындай бәтуаға келді. Жиынға Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, қоғам қайраткерлері, имамдар мен
мейрамхана басшылары қатысты. Арнайы ұйымдастырылған сауалнамаға қатысушылардың
85 пайызы қаза кезіндегі дастархан мәзірінің қарапайым болғанын және
ысырапшылыққа жол берілмеуін құптайтынын жеткізген. Сондықтан конференция
аясында ортақ ұйғарым жасалып отыр.
Төлеби
Оспан, ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы:
Нан,
жеті нан, бауырсақ, тары, талқан, кәмпит, печенье, сосын қант, құрма, су, шәй
және ыстық тағамға ет не күріш. Мекемеден, әр жерден өкілдер жиналып отыр,
осылардың алдында біз алдын ала да ұсыныстарын қабылдағанбыз. Осыны ескеріп,
қазір ортақ шешім қабылдаймыз.
Өңірде білікті дінтанушылар тапшы. Имамдардың 65 пайызының ғана арнаулы орта және жоғары білімі бар. Бұрын одан да төмен болған. «Нұр мүбарак» университетімен келіссөздер жүріп жатыр. Соның нәтижесінде 15 түлекті облысқа жұмысқа тарту көзделген.
Жолдас Қалмағанбетов, облыстық дін істері басқармасының басшысы:
Бос
тұрған орын жоқ, дегенмен, жаңадан келген теологтарға қосымша ұйымдар ашуға
мүмкіндігіміз бар. Мысалы, қазір аудандарда қазір мемлекеттік діни қызмет
атқаратын тек «Аңсар» мемлекеттік мекеме
бар. Ақтөбе қаласында. Осындай мекемені барлық ауданда ашсақ деген ниетіміз
бар.