Алматы қаласының Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жасөспірім қыз 13-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, қайғылы оқиғаның 21 қыркүйекте таңертең болғанын нақтылады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның себебі мен мән-жайлары анықталуда.
"Сонымен қатар, әлеуметтік желі мен месенджерлерде қайтыс болған қыздың интернетте қауіпті ойын ойнағаны, артына хат жазып қалдырғаны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз ", - деп атап өтті полициядан.
Құқық қорғау органдары заңда көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын және қазақстандықтарды тек ресми көзден алынған ақпаратқа сенуге шақырады.
2024 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы қаласының Алмалы ауданында екі жасөспірім қыз биік үйдің төбесінен құлап, қаза тапты.