Қазақстан бокс федерациясы ұлттық құраманың жаңарған бапкерлер құрамын таныстырды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бірнеше күн бұрын Олимпиададан кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынына кіріскен ұлттық құрамамен қазіргі уақытта Қайрат Сәтжан бастаған жаңа бапкерлік құрам жұмыс жүргізіп жатыр. Бапкерлік кеңестің шешімімен сапқа бірқатар маман қосылды.
Команданың бапкерлер құрамы:
Қайрат Сәтжан - бас жаттықтырушы;
Асқар Еркебаев - аға жаттықтырушы;
Жаттықтырушылар:
Ілияс Оралбеков;
Нұркен Андасов;
Азамат Мақажанов;
Талғатбек Жакпеков;
Нұржан Насанов.
Olympic.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Азия чемпионатына дайындық барысында командаға білікті маман, диетолог-нутрициолог, Александр Усик, Василий Ломаченко, Теофим Лопез, Теренс Кроуфорд және тағы басқа жүзден аса кәсіпқой боксшымен жұмыс істеген Александр Фока көмектесіп жатыр.
Жоғарыда көрсетілген бапкерлер тізімі әлі де толықтырылады. Жаңа мамандар бойынша шешім желтоқсанда өтетін Қазақстан чемпионатынан кейін қабылданбақ.