Русский Сайттың толық нұсқасы

Иранда шахтада жарылыс болып, 30 кенші қаза тапты

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2024
  • 157

Иранның шығысындағы Табас көмір кенішінде жарылыс болып, 30-дан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

IRNA агенттігінің жазуынша, бұл туралы Оңтүстік Хорасан провинциясының дағдарысты жағдайларды реттеу департаментінің бас директоры Мохаммад Әли Ахунди мәлімдеді.

«Табас» кенішіндегі апат салдарынан қаза тапқандар саны 19-дан 30 адамға дейін өсті, 17 жаралы ауруханаларға жеткізілді», - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, бір-бірінен 2 шақырымдай қашықта орналасқан, бірақ электрмен жабдықтау және байланыс желілері ортақ В және С блоктарында 250 метр тереңдікте орасан көп метан бөлініп, соңы жарылысқа ұласқан.

Ресми өкіл сондай-ақ С блогындағы газ концентрациясы жоғары болғандықтан, іздестіру-құтқару жұмыстары қиындап жатқанын жеткізді.