Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2024
  • 115

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады. Бұл туралы Ақорда  хабарлады

– 2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін! – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.