Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да салынатын индустриалды аймаққа 14 миллиард теңгеге жуық қаражат қажет

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2017
  • 2446

Батыс Қазақстанда салынатын индустриалды аймақтан түрік инвесторлары бас тартты деген ақпар шындыққа жанаспайды. "Орал" ӘКК басқарма төрағасы Ержан Балтаев осылай деп мәлімдеді. Жобаға 14 миллиард тенгедей қаржы керек.

Аймақ үшін 300 гектар жер бөлінген. Бұл аумақ темір жол мен әуежайға жақын. Еске салайық, "құрылысты енді түріктер қаржыландырмайтын болды" деген сарында ақпар тараған. ӘКК басшысы олар бұл жобаға кеңесші ретінде тартылған дейді.

Ержан Балтаев, "Орал" ӘКК ҰК" АҚ басқарма төрағасы:

Құжаттар дайын болған кезде, біздер, әрине, мемлекеттік бюджетке жүгінетін боламыз. Сонымен қатар басқа да жолдарын іздестіруге әрекет жасаймыз. Соның ішінде жеке және мемлекеттік әріптестік саласында да осындай жұмыстарды жүргізуге болады.

Еркін КАРИН