Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2024
  • 291

Өскемен қаласында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы оқиға 18 қыркүйек күні шағын айналма жолда болған.

ВАЗ 21140 маркалы жеке көлігін тізгіндеген полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жолды дұрыс емес жерде кесіп өткен, – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 

Сот алдындағы тергеу жұмыстары жүріп жатыр.