Кешкі асқа тауық еті мен тұшпара жеп отырған отбасында жан түршігерлік оқиға орын алды. Оқиға 22 қыркүйектен 23 қыркүйекке қараған түні болған. Осымен төртінші бала Ресейдегі Красноярск өлкесінің ауруханасында тауық еті мен тұшпара жегеннен кейін қайтыс болды,- деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қайтыс болған 12 жасар қыз екен. Аталған факт бойынша, өңірдің тергеу әрекеті жүріп жатыр. Астан уланған ата-ана қазір есін жиған. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
Айта кеткен жөн, ведомство қызметкерлері енді ересектерден жауап алуға ниетті. Оған қоса баласынан айырылған отбасының анасы бесінші баласына жүкті екені белгілі болды.