Русский Сайттың толық нұсқасы

11 жобаны субсидиялау тоқтатылды, оған «тиімсіздік» пен «жемқорлық» себеп болған

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2017
  • 2770

Ауыл шаруашылығында 11 жобаны субсидиялау тоқтатылды. Бұған «тиімсіздік» пен «жемқорлыққа жол ашу» фактілері себеп болған. Сала вице-министрі Төлеутай Рахымбековтің мәлімдеуінше, қаржыдан қағылған 11 жобаның 8-і гектарлық субсидияға жатады. Өйткені оған қыруар қаржы қажет, шығыны шаш етектен. Тиімсіздігі де сонда. Ведомство өкілдері майлы дәнді дақылдар мен астық үшін берілетін гектарлық субсидиялаудан бас тартуды жөн көріпті. Есесіне, өнімді өңдеуге берілетін қолдау қаржыны арттыруды қарастыру көзделген.

Төлеутай Рахымбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Көбіне қайта өңдеу саласын қолдау, нарықта сұранысы бар, бәсекелестікте қабілеті жоғары сыртқы нарықта сұраныс бар өнімге көңіл бөлінеді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ