Алматы қаласында тағы бір қайғылы оқиға орын алды. Бұл жолы 18 жастағы жігіт биік ғимараттан секіріп, мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаны Алматы полициясының баспасөз қызметі растады.
«Осы факті бойынша Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясы қылмыстық іс қозғады. Қосымша мәліметтер анықталып жатыр», - деп хабарлады полиция департаменті.
Бұл 12 қыркүйектен бастағанда суицидке байланысты тіркелген алтыншы адам өлімі.