Русский Сайттың толық нұсқасы

"Әр қазағым жалғызым": Ұланғасыр Қамиев қазақ спортшысына ақшалай сыйлық жасады

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2024
  • 142

Алматыда өткен NAIZA 67 турнирінде жеңіс жеткен Дәулет Өсербайға әнші Ұланғасыр Қамиев 1 миллион теңге сыйға тартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Алматыда өткен NAIZA 67 турнирінде қазақстандық спортшы әрі актер Дәулет Өсербай Иран файтері Пахлаван Даудты қылқындыру әдісі арқылы жеңген болатын. Жекпе-жек алдында эстрада әншісі Ұланғасыр Қамиев спортшы Дәулет Өсербайға қарсыласынан басым түссе, 1 миллион теңге беремін деп уәде еткен.Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Ұланғасыр Қамиев сөзінде тұрып, елдің көзінше ақшасын мобильді қосымша арқылы Дәулетке аударып берді.

Дәулет Өсербай осыған дейін RUH, NAIZA FC лигаларында өнер көрсетті. Аталмыш лигаларда 4 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.