Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында мал ұрлығын азайту үшін 18 жылжымалы блок бекет қойылды

Қарағанды облысында 18 блок бекет қойылды. Полиция қызметкерлері мал және ет өнімдерін тасымалдаушыларды тоқтатып, құжаттарының белгіленген талаптарға сай болуын тексереді. Тұрғындарда арнайы анықтамалар болуы тиіс. Себебі, өңірде мал ұрлығы тыйылмай тұр. Төрт түлікті жайылымнан айдап әкететіндер көп. Полицияға жайылымнан мал жоғалғаны жайында 17 арыз түскен. Іздестіру іс-шаралары барысында 106 мал, яғни 56 жылқы, 12 ірі қара мал, 38 ұсақ мал табылды. 

Аслан ӨСКЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

“Жылдың басынан бері облыс аумағында 25 мал ұрлығы тіркеліп, оның 18-і ашылды. Өткен аптаның өзінде Бұқар жырау аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен аудан тұрғынының құны 1 миллион тұратын "Голштейн" асыл тұқымды ірі қарасын ұрлаған күдіктілер ұсталып, қылмыс ашылып отыр”.