Көлігінің нөмірін қағазбен жауып қоямын деп 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Айлаға көшкен астаналықты полиция қолға түсіріп, 1 тәулікке қамауға алды. Жалпы нөмірін жасырып, айыппұлдан қашқысы келетіндер көбейіп кетті. Себебін Айбек Салдатбек анықтады.
АЙБЕК САЛДАТБЕК, ТІЛШІ:
Жол жүргенде ереже бұзып, ақылы тұраққа аялдағанда айыппұлдан жалтару үшін осылай көлігінің нөмірін жасырып, тіпті мүлде алып тастайтын жүргізушілер бар. Ондай әрекетпен достасам деп айлаңыз әшкере болса, жүргізуші куәлігімен қоштасуға тура келеді.
Көлгініңнің нөмірін жасырып, жол жүрсең 5 тәулікке дейін қамауға алынып, 1 жылға жүргізуші куәлігіңнен айрыласың. Ал ақылы тұрақтар мен аулаларда тұрғанда құйтырқылыққа салсаң айыппұл қарастырылған. Бұл мәселеге келгенде жолаушылардың пікірі әртүрлі.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Дұрыс қой енді. Не үшін жабады ол? Не үшін қорқады? Сол ақша туралы ма, сол үшін бе не? Мен соны түсінбеймін. Қарсымын ондайға.
- Нарушение болған, кейбіреулер білмей істеуі мүмкін, кейбіреулер байқамай істеуі мүмкін. Сондай себепте бір ескерту болса келесі жолы қайталанбайтындай.
- Возможно ауыр да, наверно штраф нормально будет. В целом я против платных парковок. Енді ол да и так адамдардың жағдайы қиын.
Жыл басынан бері бас қалада көлігінің нөмірін жасырып жол жүрген 56 оқиға анықталып, барлығы дерлік 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Сондай-ақ ақылы тұрақтар мен аулаларда да жасанды нөмір тағып, қулыққа салатындар көбейіпті. Бірақ нақты саны жоқ. Олардың куәлігін алып қоймаса да, айыппұл салынады.
БАУЫРЖАН ТОҚЖҰМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Ол заңға қайшы келетін нәрсе, яғни сергек, дазорем деген арнайы нелер бар, комплекстар бар. Соларға кедергі тудыратын қолдан жасалған материалдарды қолданатын болса ондай автокөлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Онда 15 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады.
Жалпы ақылы тұрақтар қаладағы кептелісті азайтып, көлік құралдарының қозғалысын реттеу үшін жасалған. Ондай 7200 орын бар. Тұраққа сағатына 100 теңге төлейсіз. Нөміріңізді жасырып-жабу жазадан құтқармайды. Керісінше артық қылам деп, тыртық қылып алуыңыз мүмкін.