Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда мүгедек балалардың қолынан шыққан бұйымдардың жәрмеңкесі өтті

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2017
  • 2684

Петропавлда мүгедек балалардың қолынан шыққан бұйымдардың жәрмеңкесі өтті. «Жүрегімізді балаларға береміз!» қайырымдылық акциясы «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылды. 

Балғындар шеберлік сабақтарына да қатысты. Құмыра өндірісінің, кесте тігудің ерекшеліктерімен танысты. Сатылымға түрлі заттар қойылды. Балалар өз қолымен жасаған бұйымдарды арзанға сатып жатыр. Партия өкілдерінің пікірінше, олардың іскерлік қабілетін ұштауға мүмкіндік бар.

Артур Молдагұлов, «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

Шараға барлық кәсіпкер-меценаттар белсенді атсалысуда. Басты талап - балалар үшін барлық жағдайды жасау. Оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау еді. Олар тапқан қаражатына қажетті кеңсе тауарлары мен денсаулығына керек өнімдерді сатып ала алады.