Әлеуметтік желіде балалар мен жасөспірімдерді аз уақыттың ішінде өлтіріп тынатын ойындар қызу талқыланып жатыр. Ресейде бастау алған «Тихий дом», «Море китовтың» жалғасы «schoolboy runaway» деп аталады. Балаларға қорқынышты тапсырма беріп, түзу жолдан тайдыратын кім? Әріптесім Аружан Задабек зерттеді.
АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Қазір балалар аулаға шығып осылай ойнауды қойды. Бар есіл-дерттері телефон. Мұндағы қауіпті ойындарды жүктеу оп-оңай. Жасыңды анықтамайды. Ата-ана рұқсатын талап етпейді. Мен де еш қиындықсыз телефоныма тартып алдым. Қазір өзім ойнап көремін.
Ата-аналарды шошытқан ойынның сюжеті былай. Ойында ата-ананың балаға дұрыс көңіл бөлмейтінін көрсетеді. Ұрсады, керек десе ұрады. Сосын ондағы оқушыға үйден қашу туралы тапсырма беріледі. Ол ата-анасына білдірмей сырТқа шығудың түрлі тәсілін ойлап табады. Байқағанымыз, онда балағат сөз көп. Тіпті, интимдік әрекеттер де дәріптелген.
АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Бала үйден қашып шыққаннан кейін түрлі тапсырманы орындауы тиіс. Басында қорқынышты болып көрінбегенімен артынша тапсырмалар күрделене түседі. Бірінде қолыңды кес десе, екіншісінде осындай биік ғимараттан секір деп шарт қояды.
Мұндай онлайн ойындар қармағына мектеп оқушылары жиі түседі. Бұған ойын жасындағы баланың ақ-қарасын ажырата алмауы себеп болуы мүмкін. Сондықтан мамандар мектеп қабырғасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алды.
Гүлнар ОМАРОВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
30-40 сыныптағы баланың барлығын сынып жетекшіге, мектепке жауапкершілікті айту дұрыс емес. Сондықтан ең бастасы балаға өзіміз жақсы үлгі көрсетуіміз қажет. Біз де интернетке тәуелдіміз. Сондықтан да күнделікті өмірде балалармен сұқбаттасып, баланың қал-жағдайын біліп, шай үстінде көңіл-күйінің қандай екенін байқап отыру керек.
Расымен, басты жауапкершілік ата-анада. Астанада қауіпті ойын ойнаған бес оқушының ата-анасы жауапқа тартылды. Сот оларды балаларды тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін кінәлі деп таныған. 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, бұл - 36 920 теңге.
ЖАНАРГҮЛ АЛПЫСБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:
Іс материалдарына сәйкес Астана қаласының бір тұрғын үй кешенінде бес бала 7 жастағы баланы құрбан ретінде алып «суицидник» деген ойын ойнаған. Балалар үшінші қабатқа көтеріліп, баспалдақпен, бапалдақ алаңында ұстап тұрған. Солардың арасындағы бір бала ұялы телефонға бейнге түсірген. Сен суицид, соңғы сөз айтасың ба, ойынға келесесің ба, келіспейсің ба деген сұрақтар қояды.
Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері 22 мыңға жуық заңсыз шетелдік интернет-ресурсты анықтаған.
ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:
ІІМ интернет желісіне тұрақты мониторинг жүргізеді. Заңсыз интернет-ресурстар анықталса , барлығын бұғаттау туралы талап уәкілетті органға жолданады. Қазақстандықтардың суицидтік бағыттағы интернет-ойындарға қатысу жағдайлары анықталған жоқ.
Құзырлы органдар әзірге тек тексере алады. Әрі кетсе бұғаттайды. Бірақ барлығын жойып жіберу мүмкін емес. Сондықтан мамандар әр ата-ана баласының телефонын үнемі тексеріп отыруы тиіс дейді.