Референдум кезінде әрбір азаматтың дауысы маңызды. Солтүстік Қазақстан облысына барған Республикалық халықтық штаб мүшелері осылай деп есептейді. Олар халықпен кездесіп, АЭС-тың тиімді тұстары туралы айтты. Әсіресе энергия тапшылығы мәселесіне жіті тоқталды. Айтуларынша, қазір жылына 2 миллиард гигаватт тапшы. Аймақтар жарықсыз қалмау үшін еліміз энергияны көрші мемлекеттерден сатып алуға мәжбүр. АЭС салу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның өткізілуі – елімізде азаматтық қоғамның қалыптасуына үлес қосып отырған үлкен қадам дейді штаб мүшелері.
Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Бұл мемлекет басшысының халық үніне құлақ асатын концепциясының іске асырудағы ең негізгі қадамдарының бірі. Яғни, еліміздегі еститін мемлекет принципінің және осындай халық пен билік арасындағы ашықтық формуласын сақтау мақсатында жасалып жатқан үлкен қадам. Сол себептен референдумға барып, әркім өзінің таңдауын жасау маңызды деп мен есептеймін.