Русский Сайттың толық нұсқасы

АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штаб түсіндірме жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб түсіндірме жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан өңірлерінде үнпарақтар таратылып, "Есіктен есікке" акциясы өткізілуде. 

Белсенділер түсіндірме қағаздарын Алматының 8 ауданына жабыстырған. Атом электр станциясы жайлы ақпарат берілген қағаздар қазақ және орыс тілдерінде дайындалған. Бұдан бөлек, халықтық штаб мүшелері «Есіктен есікке» науқаны аясында мегаполис тұрғындарымен арнайы кездесулер ұйымдастыруда.

АЙДАР КҮНТУБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Өздеріңіз білетіндей, 6 қазан біздің республикамызда референдум өтетін болады. Осы референдум аясында АЭС-ты қолдау жөніндегі халықтық штаб құрылды. Сол штабтың белсенді мүшелері қалада қазіргі таңда халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізіп жатыр.

Түсіндіру жұмыстары Қызылорда облысында да қызу жүргізіліп жатыр. Еріктілер референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында үнпарақтар таратуда. Халық көп жүретін жерлерге ақпараттық плакаттар жабыстырылып жатыр.

ӘСЕТХАН БАЙМҰРЗА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Халықтық штаб өкілдері халыққа дұрыс ақпараттар жеткізіп жатыр. Облыс, ауыл, аудандарды элект желісімен, электрмен қамтамасыз ету мақсатындағы барлық өзінің қағидаттарын халыққа жеткізіп жатыр.

Ал Шығыс Қазақстан облысында белсенділер "Есіктен есікке" жобасы аясында түсіндіру жұмыстарын қолға алған. Олар мекемелер мен әлеуметтік орындарды аралауда. Тұрғындарға референдум учаскелері туралы ақпарат беруде.

ҚОРЛАН ТҰҒАМБАЕВА, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тұрғындардың белсенділігі жоғары. Олар арнайы ашылған штабқа келіп, өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауаптарын алуда. Біз әрбір сайлаушыға референдумға қатысудың маңыздылығын түсіндірудеміз.

Белсенділер бұл жұмыстарды жалғастыра бермек.