Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Талдыкөл жағасынан 1 тонна қоқыс жиналды

Елордадағы Талдыкөл айналасынан 1 тонна қоқыс жиналды.  “Көлді аяла” акциясы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті. Экологиялық шараға белсенділер мен еріктілерден құралған 100-ге жуық адам қатысып, жағажай маңындағы артық заттарды жинады. 

АЙДАНА ГАЛИМОВА, “BIRGEMIZ: TAZAALEM” ЖОБАСЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРІ:

“Біргеміз: ТазаӘлем” жобасы аясында Талдыкөлдің төңірегіне сенбілік өткізіп жатырмыз. Ондағы мақсатымыз қаламыздағы көл қорының сақталуы мен ластанбауына мән беру. Осы бастамаға жақын маңайдағы тұрғындар, волонтерлер мен мемлекеттік қызметкерлер ниет білдіріп, көмектесуге келді. Тазалық шаралары әлі де жалғаса береді.

БАЛДЫРҒАН ӨМІРБЕКОВА, ЕРІКТІ:

Негізінде бізде осы қаламызда бұндай көлдер көп емес. Тау-көлдер жоқ. Сондықтан осы біз үлкен көлімізді сақтап, мен ойлаймын біздің міндетіміз сақтау, тазалау.