Русский Сайттың толық нұсқасы

«Атом энергиясы Қазақстан үшін таңсық дүние емес»,- МАГАТЭ экс-инженері

Қазақстан үшін атом энергиясы таңсық дүние емес. Шағын реакторлар саласының маманы Чираю Батра осылай деп пікір білдірді. Оның айтуынша, жеткілікті уран ресурстары мен ядролық зерттеулер тәжірибесі елімізде ұлттық ядролық бағдарламаны дамыту үшін тиімді жағдай жасап отыр. Осының арқасында атом электр станциясын білікті кадрмен қамтамасыз ету де қиынға соқпайтынын жеткізді. 

ЧИРАЮ БАТРА, ШАҒЫН РЕАКТОРЛАР САЛАСЫНЫҢ МАМАНЫ, МАГАТЭ ЭКС-ИНЖЕНЕРІ ЖӘНЕ ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРІ:

Ең қуатты энергия көзін бере алатын отынның ең жақсы түрінің орасан зор қорларын иемденіп отыру Қазақстанға сөзсіз стратегиялық артықшылық береді. Оларды сауатты пайдалану үшін Қазақстан өзінің энергетикалық қуатын арттырып, энергия теңгеріміне белсенді енгізуі қажет.

Сондай-ақ Чираю Батра заманауи реакторлар бірнеше пассивті қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталғанын жеткізді. Яғни, олар шешуші сәттерде оператордың белсенді араласуын қажет етпейді.

ЧИРАЮ БАТРА, ШАҒЫН РЕАКТОРЛАР САЛАСЫНЫҢ МАМАНЫ, МАГАТЭ ЭКС-ИНЖЕНЕРІ ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ МЕНЕДЖЕРІ:

ІІІ+ буын реакторлары физиканың қарапайым заңдарына негізделген әдістерді қолданады, мысалы, табиғи айналым, реакторды салқындату үшін гравитациялық су беру жүйесі. Бұл реакторлардың зақымдану жиілігі миллион, тіпті миллиард жылға дейін төмендейді.