Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар автокөліктерді жиі жалға ала бастады

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2024
  • 316

Еліміздің тұрғындары соңғы уақытта автокөліктерді жиі жалға ала бастады. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысына сүйенсек, жеңіл автокөліктерді жалға беру бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 26,7% артты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы қаңтар-маусымда жеңіл автомобильдерді жалға беру бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 58,1 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 26,7% артық (45,8 млрд теңге).

Осы соманың ішінен халықтың қаражаты есебінен ұсынылған қызметтер 3 млрд теңгені құрады, ал ауылдық жерлерде көрсетілген қызметтер көлемі 6,8 млрд теңгеге жетті (2,1 есе артық).

Жүк автомобильдерін жалға алуға келсек, аталған кезеңде қызмет көрсету көлемі 45,3 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,3% кем (45,4 млрд теңге).

Ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жалға беру қызметі 30,1% өсім көрсетті – 1,6 млрд теңге (2023 жылғы қаңтар-маусым – 1,2 млрд теңге).