Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде полицейлер тағы бір тілді білуге міндеттелді

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2024
  • 165

Қазақстанда патрульдік полиция қызметкерлеріне ишарат тілін білу міндеттелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni. 

Оның айтуынша, ишарат тілін білу полиция қызметкерлеріне есту қабілеті бұзылған адамдарға көметесу кезінде және төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге көмектеседі.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар жиі қиын немесе қауіпті жағдайларға тап болады. Сондықтан біздің барлық патрульдік полиция қызметкері адамға қолдау және қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік беретін қарапайым қимылдарды меңгереді. Бұл – жай ғана ресмилік емес, адам өмірін сақтап қалатын маңызды дағды, – деді Шыңғыс Әлекешев.

Оның айтуынша, әрбір патрульдік қызметкер «Уайымдамаңыз, полиция сізбен бірге, біз сізге көмектесеміз» деген сөздерді қимылмен көрсетуді білуі керек.

Бұл әсіресе аудармашы табуға уақыт жоқ немесе қарапайым, бірақ маңызды хабарды жедел жеткізуді қажет ететін төтенше жағдайларда өте маңызды. Бұл тәсіл полицияға есту қабілеті бұзылған адамдармен тез байланыс орнатуға мүмкіндік береді, – деді министрлік өкілі.