Русский Сайттың толық нұсқасы

Желтоқсан айында тасқындарды болжау жүйесі іске қосылады

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2024
  • 253

Желтоқсан айында тасқындарды болжау және модельдеу жүйесі пилоттық режимде іске қосылады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында осында дерек айтты, - деп жазды KAZINFORM.

«Су тасқынын болжау және модельдеу» ақпараттық жүйесін әзірленіп жатыр. Ол жұмыстар бірнеше кезеңнен тұрады. Министрлік Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация министрліктерімен бірлесіп су тасқынын болжау мен модельдеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеп, бекітті. Осылайша, жүйені тестілік режимде іске қосу ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында жоспарлануда», - деді министр.

Сондай-ақ, бүгінгі Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов тасқынмен күреске қосымша ұшақ пен тікұшақтар сатып алу қажеттігін мәлім етті.

«Бірінші, құтқарушыларды арнайы киім-кешекпен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету тәсілдері қайта қаралуда. Сатып алынатын киім сапалы және тапсырмаларды орындауға ыңғайлы қимыл қозғалысқа қолайлы болуы керек. Екінші, сапалы арнайы автомобильдер мен инженерлік техникалар, оның ішінде жүзу құралдарын, ұшақтар мен тікұшақтар сатып алынады. Біз ұшқыштарды түнде және қолайсыз ауа райы жағдайында ұшуға оқытып үйретуді жоспарлап отырмыз», - деді Шыңғыс Әрінов.