Русский Сайттың толық нұсқасы

ТЖМ лизингке 4 ұшақ пен 7 тікұшақ сатып алмақшы

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2024
  • 125

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында бюджет есебінен қандай әуе техникаларын сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты, - деп жазды KAZINFORM.

«Төтенше жағдайлар министрлігіне әлі бірталай тікұшақ пен шағын фюзеляжді ұшақтар керек. Біздің ойымыз – келешекте 20 өңірде 20 әуе отрядын жасақтау. Соның арқасында ол өңірлерде қауіпсіздік қамтамасыз етіліп, жас мамандар даярланады. Қазіргі таңда біз лизинг арқылы 3 МИ-8 АМТ тікұшағы, 4 Ка-32 тікұшағын аламыз. Сондай-ақ, тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет ұшақ алып жатырмыз. Чехияның 4 дана L – 410 ұшағын сатып аламыз. Оларды Батыс, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан өңірлеріне қоямыз. Соның арқасында өз міндеттерімізді орындаймыз деп ойлаймын», - деді Шыңғыс Әрінов.