Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда автобус паркінде өрт шығып, қоғамдық көлік интервалы ұзарды

Қостанайдағы автобус паркінің аумағында өрт шығып, автобустар отқа оранды. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде өшіріп, 27 қоғамдық көлік пен бокс конструкцияларын сақтап қалды.

Өрт 220 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Автопарктегі 7 автобус өртеніп, қалған көліктерді қара түтін басқан. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, күн сайын қала маршрутына 190 қоғамдық көлік шығады. Өртке байланысты 14 автобус шықпай қалған.Соның салдарынан жолаушылар тасымалдау интервалы ұзарды. 

ӨМІРЖАН ТҰҚЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өртті сөндіруге 16 техника, 55 адам жұмылдырылды.Өрт 220 шаршы метр көлемінде сөндірілді.Қазіргі таңда өрт орнында анықтаушылар мен өрт сынақ зертханасы жұмыс істеуде.Өрт шығын мен өр себебі анықталып жатыр.