Атырау облысында дәрігер тапшы. Аймақтағы медицина саласына жауаптылар ақ халаттыларды май шаммен іздеуге көшкен. Тіпті бір реттік жәрдемақының көлемін көбейтіп отыр. Алайда бәрібір дәрігер жетіспеушілігі жойылар емес.
Атырау облыстық №2 инфекциялық ауруханасы биыл 5 дәрігермен толықты. 3 инфекционист пен 2 реанимотолог-анестизиолог маман жұмысқа орналасқан. Бірақ бәрібір дәрігер тапшы. Әсіресе, жедел респераторлық вирустық инфекция артатын күз, қыс айларында маман ауадай керек,- дейді басшылық.
Руслан ҚАЙЫРЖАНОВ, №2 АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Биылғы жылы 6 дәрігер инфекция мамандығы бойынша резндентураға түсті. Қазір болашақта қазан-қара айларында маман қажет ететін жағдайда олармен медициналық университеттермен келіссөздер жүргізіліп, клиникалық тәжірибеден өту үшін біздің инфекциалық ауруханаға сұраныстар жіберіліп жатыр.
Облыс бойынша 200-ге тарта дәрігер жетіспейді. Тек жалпы тәжірибелік дәрігердің 43-і керек. 14 акушер-гинеколог орны бос тұр. Одан бөлек анестизиолог, педиатр, терапевт мамандары тапшы. Ақ халаттылардың аздығынан бүгінгі күні 170 зейнеткер-дәрігер құрметті демалысына кетпей, халыққа медициналық қызмет көрсетіп жүр. Денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, маман жетіспеушілігінің басты себебі – дәрігерлердің жүктілігіне және бала күтіміне демалысқа кетуінен,- дейді.
ГҮЛМИРА НҰРҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Бүгінгі күні облыс бойынша 213 маманымыз бала күтімі демалыстында отыр. 2022 жылдан бастап әлі есептегенде 22-жылы декретке кетіп, оның бер жағы 23те, 24тен бері бала демалысына кетіп, әлі шықпай отыр. Биылғы жылы 50 маман ғана әлеуметтік демалыстан жұмысқа орналасқан. Бұл кадр тапшылығының бір мәселесі деп атап өтер едім.
Былтыр өңірге 118 маман келген. Оның 97-сіне әлеуметтік қолдау көрсетілген. Биылдан бастап аймаққа келетін дәрігерлерге берілетін бір реттік жәрдемақы 10 млн теңгеге дейін ұлғайтыпты.. Бұдан бөлек 2017 жылдан бері медицина саласын таңдаған 503 түлек облыс әкімі грантын алған. Алғашқы түлектер биыл бітіргенімен, туған өлкеге оралған жоқ. Бейінді мамандық алу үшін резидентураға түскен.