Президент Үкімет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады. Премьер-министр еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, егін орағы мен жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады. Елде дәнді және бұршақты дақылдар алқабының 70 проценті жиналып, 17,2 миллион тонна астық бастырылған. Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындық туралы да айтты. Қазір жұмыстың 98 пайызы аяқталған. Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздің өнеркәсіп әлеуетін одан әрі арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде бірқатар тапсырма берді.