Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда зейнеткердің шотынан танысы үнемі ақша ұрлап отырған

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2024
  • 282

Қарағандыда зейнеткердің шотынан танысы үнемі ақша ұрлап отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласы ПБ Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 23 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті 67 жастағы танысының сенімді қарым-қатынасын пайдаланып, оның шотынан ақша ұрлаған.

Зейнеткерге телефонда орнатылған банктік қосымша арқылы несиені өтеу қажет болған. Ол бұл процесті жақсы түсінбегендіктен, күдіктінің көмегіне жүгініп, оған барлық қажетті құпиясөздерді айтқан.

Күдікті қажетті аударым жасаған соң, жәбірленушінің шотынан екі мыңнан бес мың теңгеге дейінгі шағын соманы жасырын алып, алынған ақпаратты пайдалана бастаған.

Күдікті бірден 31 мың теңгені ұрлап кеткенше зейнеткер байқамаған. Осы факті бойынша ер адам полицияға жүгінді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.