Русский Сайттың толық нұсқасы

"Экологияға тигізетін салдарды азайтатын және энергияға зиян келтірмейтін тиімді шешімдер қабылдау қажет",- М.Әшімбаев

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері Абай облысына барды. Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен, білім беру саласының мамандарымен және коммуналдық қызметтер саласындағы еңбек ұжымдарымен кездесті. Жиында бүкіл әлем климаттың өзгеруіне және экологияның нашарлауынан туындайтын проблемалармен бетпе-бет келіп отырғаны айтылды. Бұл жағдайда экологияға тигізетін салдарды азайтатын және энергияға зиян келтірмейтін тиімді шешімдер қабылдау қажет дейді,-сенат спикері. 

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президентіміздің шешімін референдум өткізу туралы бастаманы халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымының жүзеге асуының нақты нышаны деп ауыз толтырып айта аламыз. Тиісті ақпарттар беріп, дәріптеу жұмыстарын жүргізіп, туған-туыстардың, таныстардың арасында да біраз жұмыстар жүргізіп, Абай облысы халқының референдумға белсені қатысуына үлестеріңізді қосасыздар деп ойлаймыз.