Русский Сайттың толық нұсқасы

"Президенттің шешімін қолдап, референдумға баруымыз керек" , - депутат

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб әр өңірдегі тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Онда референдумға әр адамның қатысып, дауыс беруі маңызды екенін айтып жүр. 

Сенат және мәжіліс депутаттары бас қаладағы "Барыс арена" спорт кешенінің қызметкерлерімен кездесіп, жалпыұлттық референдум қарсаңында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шараға 100-ге жуық адам қатысып, оларға әр адамның дауыс беруге қатысуы маңызды екені айтылды.

ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Президенттің шешімін қолдап, Референдумға баруымыз керек. Бұл жерде жалаң сөздерге еруге болмайды, әр адам өз таңдауын жасауы қажет. АЭС-тің салынуы да, салынбауы да тікелей халықтың пікіріне байланысты.

Сондай-ақ Павлодар облысында да халықтық штаб барлық елді-мекендерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. "Есіктен-есікке" акциясы аясында Новоямышево ауылының тұрғындарына 6 қазанда жалпыхалықтық референдум өткізілетіні айтылып, үнпарақтар таратылды.

СЕРІКБОЛ БОЛАТХАН, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ МҮШЕСІ:

Қазіргі таңда біз әрбір көше көшелерге осы арнайы қабырғаларға үн парақтарды ілу арқылы және әрбір ауыл тұрғындарына осы парақтарлды тарату арқылы өзіміздің хабарландыруларымызды жасап, осындай түрлі-түрлі іс-шаралар жасап жатырмыз.

"Есіктен-есікке" акциясы жастардың араласуымен Жамбыл облысында да белсенді түрде өткізілуде. Олар тұрғындарды Референдумға қатысуға шақырады. Оған қоса Көшелерге ақпараттық қағаздар жабыстырып, адам көп шоғырланған жерлерде үнпарақтар таратуда. "Халықтың референдумға деген көзқарасы ерекше" - дейді жастар.

СЫМБАТ ЖИЕНАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біз экономикалық тұрғыдан дамыған, болашағы зор қуатты әрі тәуелсіз Қазақстанда өмір сүргіміз келеді. Сондықтан дұрыс шешім жасаймыз деген ойдамын.
Айта кетейік, жалпыұлттық референдумның өтуіне 11 күн қалды.