Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда «Бейбіт атомды пайдалану артықшылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Бейбіт атомды пайдалану артықшылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда экологиялық қауіпсіздік пен жаңа технологиялық шешімдер туралы айтылды. Бейбіт атомның артықшылықтары мен қиындықтары талқыланды. Мамандар егер елімізде атом электр станциясы салынатын болса, онда жұмыс істейтін мамандар жеткілікті дейді. Оқу орнында 1960 жылдан бері 600 ядролық физика маманы даярланған. Бұл аз көрсеткіш емес дейді. 

МЕДЕУ ӘБІШЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Қазірдің өзінде атом энергетикасы саласы бойынша мамандарды біз ары қарай өзі ядролық физика мамандығы ол ғылыми мамандық болып табылады. Яғни оны бітірген адам ғалым болады. Сәйкес құрылғыларда жұмыс істейді. Бірақ олар ғылыми зерттеумен айналысады.