Русский Сайттың толық нұсқасы

61 млн теңге: Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-қызметкері түрмеге отырмау үшін айыппұл төлеуге келісті

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2024
  • 155

Костанайда жемқорлық жасағаны үшін сотталған ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкері Жанысбек Кенесбеков 61 миллион 250 мың теңге көлеміндегі айыппұлды төлеуге дайын екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол түрмеге отырмау үшін бұл соманы бірден төлеуге дайын екенін жеткізді.

Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының басшысы Кеңесбековті қарамағындағы қызметкер Амангелді Құлмұханбетов ұстап берген. Құлмұхамбетов бастығының үнемі ақша талап еткенін, Костанайға келген кездегі қонақ үйдегі люкс номерлерін төлеп бергенін алға тартқан.

Сот барысында Кенесбековтың Атырау, Қарағанды, Қызылорда секілді филиал директорларынан да ақша талап еткені анықталды. Мемлекеттік айыптау тарапынан 1 миллион 750 мың теңге көлемінде айып тағылды. Бұл тек дәлелденген сома ғана.

Кенесбеков 7-12 жылға бас бостандығынан айырылу мүмкін еді. Ол кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісім жасауды ұсынды. Келісім нәтижесінде, үлкен айыппұл төлеп, түрмеден құтылу мүмкіндігіне ие болды.

Сот №2 Костанайдағы судья Анара Шаймурунова сотталушыдан 35 есе айыппұлды 10 күн ішінде төлеу қажеттігін айтты. Кенесбеков түрмеге түспеу үшін бұл сомманы төлеуге дайын екенін айтты.