Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысының тұрғыны қарт әйелді өлтіруге тапсырыс берген

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2024
  • 163

Алматы облысында полиция тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті ҰҚҚКБ-ға 51 жастағы күдіктіге қатысты жедел ақпарат келіп түсті. Ол Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру үшін 10 млн теңге ұсынған.

Қылмыстың себебі 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәмілесіне байланысы. Тапсырыс беруші ұсталды. Ол қамауға алынды.

Тапсырыс бойынша кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.