Алматы облысында полиция тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаменті ҰҚҚКБ-ға 51 жастағы күдіктіге қатысты жедел ақпарат келіп түсті. Ол Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру үшін 10 млн теңге ұсынған.
Қылмыстың себебі 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәмілесіне байланысы. Тапсырыс беруші ұсталды. Ол қамауға алынды.
Тапсырыс бойынша кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.