Русский Сайттың толық нұсқасы

"Алагөзовтер отбасына түскеніме бақыттымын": Баян Мақсатқызы қайын атасын туған күнімен құттықтады

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2024
  • 237

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы қайын атасы, дирижер Тұрым Алагөзовті 80 жасымен құттықтап, ерекше жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жұлдызды қайын ата туған жері Ақтөбе өңіріне барып, концерт беріп келген.

“Мен Алагөзовтер отбасына түскеніме бақыттымын. Балаларым да осы әулеттің тұқымын жалғастыратынына қуаныштымын. Папамызды 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт тілеймін! Бұл концерт кеше маэстроның туған жерінде Ақтөбеде өтті. Кезінде әкеміз құрған хор керемет өнер көрсетті. Біздің отбасы 12 қазанды күтіп жүр. Ол жерде жақында құрылған "Алагөзов хоры" өнер көрсетеді. Бұл топқа ұзақ ғұмыр және нағыз музыка білгірлерінен үлкен махаббат тілеймін”, – деп жазды продюсер.

Дирижер кәсіпкер ұлы Тұрсен Алагөзов Шымкент сыра зауытын сатып алғанын айтып, шымкенттіктерді жұмыс істеуге үндеген еді.

“Кейінгі кезде теледидардан да, әлеуметтік желіден де менің ұлымның атақты сыра зауытын сатып алғанын жарыса хабарлады. Кәсіп иесінің жеке табысы да біраз талқыға түсті. Оның бәрі рас. Ұлым зауыттың иесі болды. Бірақ қандай зауыт дерсің?! Кезінде Кеңес одағы үшін маңызға ие өнеркәсіптің бүгінде хәлі мүшкіл. Зауытты жемқорлардың кесірінен қайта салуға тура келіп тұр. Аяусыз қанау, ұрлықтың салдарынан толығымен қайта құруға мұқтаж”, – деп жазған еді дирижер.