Алматы облысында "Қазпошта" қызметкерлері 80 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған. Кассир болып жұмыс істеген 2 қызметкер түбіртектерді бұрмалау арқылы төленген мемлекеттік баж салығының бір бөлігін заңсыз иемденіп келген. Бұл схема 2021 мен 2023 жылдар арасында жүргізілген. Қазір қызметкерлерге бөтен мүлікті заңсыз иеленді деген айып тағылып отыр. Оларға бас бостандығынан айыру, материалдық жауапты және басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды.
АИДА ИМАНАЛИЕВА, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
Алматы облысының прокуратурасы көрсетілген мемлекеттік қызметтер үшін қаражаттың түсуіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша казпошта акционерлік қоғамында бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастап, іс жүргізу Алматы облысының экономикалық тергеп тексеру департаментіне тапсырылды. Сот үкімімен 2 кассир аса ірі мөлшерде бөтен мүлікті иемденіп алғаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостанығынан айыру және материалдық жауапты сондай ақ басшылық қызметтерді атқаруға тиыс салу түріндегі жаза тағайындалды.