Русский Сайттың толық нұсқасы

Жастар тұрғындарды референдумға шақырды

Алматыда Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың түсіндірме жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жастар халықты алдағы референдумға шақырып, көшедегі стендтерге ақпараттық қағаздар жабыстырды. Сондай-ақ көшеде кезіккен жандарға әр дауыстың маңыздылығын түсіндірді. Осылайша тұрғындарды саяси науқанға жұмылған жұдырықтай болып атсалысуға үндеді. 

ОҢДАСЫН ҚҰЛЫМБЕТОВ, "ҚАЗАҚСТАН КВН ОДАҒЫ" РЖҚБ АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Кез келген нәрсені алғаш рет бастауымыз қажет. Ол нәрсе бізде болмаса, оны ешкім үйренбейді. Сондықтан да алдағы уақытта келесі 5 жылдықта білікті мамандар шығатынына ешқандай күмәнім жоқ. Қазір техникалық ВУЗ-дар да бұған өздерінің үлесін қосуда.

Жамбылдық жастар да маңызды науқанға халықтың жаппай қатысуы үшін белсенділік танытуда. Олар сауда орындары мен қоғамдық көліктерде қала тұрғындарына үнпарақтар таратты. Жалпы халыққа референдум туралы толық ақпарат берді. 

ЕРҒАЛИ АБУҒАЛИ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президентіміз өзінің арнайы жолдауында атап өтіп, бұны тек қана бір ізден шешпей арнайы жылпы халықтық референдум жасап, оның оң-солын ажыратып, сол арқылы бір шешемге келу туралы үлкен бастама көтерді. Бұйыртса 6 қазан күні бәріңізді бір кісідей келіп дауыс беруге, яғни Қазақстанның болашағын жарқын қылуға, қуатты қазақстанды құруға шақырамын.