Русский Сайттың толық нұсқасы

Алдағы күндері қар жауады

Еліміздің оңтүстік-шығысында қар жауады. Синоптиктер алдағы екі күнге ауа райы болжамын жасады. Атмосфералық фронттардың өтуімен республикамыздың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын, қар, желдің күшеюі болады деген болжам бар. Түнде ауа температурасы 2-7 градусқа дейін төмендейді. 

АЛТЫНЗЕР ЕСБУСИНОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:

Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, орталығында Солтүстік-батыс антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.