Русский Сайттың толық нұсқасы

Бишімбаев Нүкенованың ағасына 16 млн теңге төлейді

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2024
  • 97

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтан 16 млн теңге қаржы өндіріп алмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығынды өндіру және моральдық шығынды өтеу туралы ісін қарады.

Талаптар заңды күшіне енген айыптау үкіміне негізделген.

Айтбек Амангелді қылмыстық іс аясында заң қызметтеріне төлеуге кеткен шығындарды өтеуді де талап еткен.

Сот парасаттылық пен әділдік қағидаттарын негізге алып, жақын туысының қайтыс болуы сөзсіз талап қоюшының моральдық жағдайына кері әсерін тигізіп, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, талап-арызды ішінара қанағаттандырды, - деді Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты.