Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысында жылына 300 мың адам қабылдайтын жаңа туристік қала салынады

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2024
  • 150

Маңғыстау облысындағы Кендірлі демалыс аймағында жылына 300 мың адамға дейін қабылдай алатын туристік қала салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президенттің биылғы маусым айында өткен туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Маңғыстау облысында өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Үкіметтің мәліметінше, Кендірлі курортты аймағында жылына 300 мың адамға дейін қабылдай алатын туристік қала салынады. Инженерлік инфрақұрылым құрылысы басталды.

"Кендірлі теңіз жағалауының ерекшелігі – шомылу маусымының ұзақтығы. Географиялық орналасуы да маңызды рөл атқарады. Ол өзінің бірегейлігінің арқасында туристерді тартуға ыңғайлы. Осыған байланысты президент Кендірлі туристік аймағын құру бойынша нақты тапсырма берді. Біз тиісті инфрақұрылымы бар және туристерге қызмет көрсететін арнайы туристік қалашық салуды жоспарлап отырмыз. Бұл Жаңаөзен қаласының негізгі жүктемесінің төмендеуіне жақсы әсер етеді", – деді Кендірлі ауылының әкімі Мекен Үйсенов.