Русский Сайттың толық нұсқасы

"Құйып қойғандай": Меруерт Түсіпбаева әріптесі Роза Рымбаеваға сыйлық жасады

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2024
  • 216

Жақында Гонконгтан оралған Меруерт Түсіпбаева әнші Роза Рымбаеваға сыйлық жасады. Эстрада жұлдызы аңыз адаммен бір ғасырда өмір сүріп жатқанына қуанатынын айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Меруерт Түсіпбаева сыйлық табыстаған сәтін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. 

"Мен Роза Қуанышқызына сыйлық алып келдім. Осындай адаммен бір ғасырда өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын. "Не сыйласам болады, осы кісіні қалай қуантсам болады?" деп әлемді шарлап-шарлап, бірнәрсе таптым. Ол кісіге жарасатынын білемін. Бұл сіздің стиліңіз екенін білемін. Құтты болсын, сізді жақсы көремін", - дейді Меруерт Түсіпбаева. 

Ал Роза Қуанышқызы бұл сыйлыққа риза болып, алғыс білдірді.

"Құйып қойғандай. Шашылма дедім ғой, балаң екеуіңе жетсе болды емес пе?" , - деді Роза Рымбаева.