Су
тасқынынан зардап шеккендерге киім-кешек пен азық-түлік жинау мақсатында
Астанада арнайы штаб ашылды. Мұнда өзгенің қайғысына бей-жай қарамаған
азаматтар келіп жатыр. Ұйымдастырушылар, мүмкіндік болса, ұзақ сақталатын
азық-түлік пен жаңа болмаса да, таза киім-кешек, көрпе-жастықтарды қабылдайды.
Бірақ штаб қаражат қабылдамайды. Оны жергілікті әкімдіктер ашқан арнайы
есеп-шоттарға жіберуге болады. Штабтың
Астанадағы мекен-жайы - Қонаев көшесі, 35-ші үй.
Алпамыс
Әбенов, ерікті:
Жоспарымыз
бойынша демалыс күндері осы жақын облыстарға жеткіземіз деп. Сосын әр төрт күн сайын ұйымдастырылған
техникамен жеткізіп отырамыз деген жоспар бар. Астана жұртшылығын осыған ат
салысып, жәрдемдесуге шақырамыз.