Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында арнайы штаб ашылды

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2017
  • 2090

Су тасқынынан зардап шеккендерге киім-кешек пен азық-түлік жинау мақсатында Астанада арнайы штаб ашылды. Мұнда өзгенің қайғысына бей-жай қарамаған азаматтар келіп жатыр. Ұйымдастырушылар, мүмкіндік болса, ұзақ сақталатын азық-түлік пен жаңа болмаса да, таза киім-кешек, көрпе-жастықтарды қабылдайды. Бірақ штаб қаражат қабылдамайды. Оны жергілікті әкімдіктер ашқан арнайы есеп-шоттарға жіберуге болады. Штабтың Астанадағы мекен-жайы - Қонаев көшесі, 35-ші үй.

Алпамыс Әбенов, ерікті:

Жоспарымыз бойынша демалыс күндері осы жақын облыстарға жеткіземіз деп.  Сосын әр төрт күн сайын ұйымдастырылған техникамен жеткізіп отырамыз деген жоспар бар. Астана жұртшылығын осыған ат салысып, жәрдемдесуге шақырамыз.