Русский Сайттың толық нұсқасы

Жайлауда жүріп, іннің ішінен мылтық тауып алған малшы 2 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2024
  • 377

Алматы облысындағы «Ақкөл» жайлауында іннің аузынан бір қап қару тауып алған малшының бас бостандығы екі жылға шеттелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға биыл шілде айында болған.

«Алматы облысы Райымбек ауданы, Жамбыл ауылдық округіне қарасты «Аққөл» жайлауында малшы мал жайып жүрген кезде іннің аузынан шығып тұрған ақ түсті қапты көрген. Қаптың ішінде ешбір құжатсыз «ВЕПРЬ-308» және «ТОЗ-8» маркалы қарулар, 308 win калибрлі және 5,6 калибрлі мылтықтардың оқ-дәрісі болған. Малшы қапты атына тиеп алып, Қаратоған ауылындағы үйіне апарған», - деп хабарлайды Алматы облысының соттары.

Істі қараған Райымбек ауданының соты малшының шын ниетпен өкінгенін ескеріп әрі қылмыстық жауапкершілігін ауырлататын мән-жайлар жоқ болған соң оған 2 жыл бас бостандығын шектеу туралы үкім тағайындады.