Русский Сайттың толық нұсқасы

Көлік жасау саласының үздіктері марапатталды

Елімізде кыркүйек айының соңғы жексенбісінде жыл сайын дәстүрлі түрде “машина жасаушылар” күні атап өтіледі. Осыған орай бүгін көлік жасау саласының үздіктері марапатталды. Мерекелік шараны Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұйымдастырды. Онда елдің түкпір-түкіпіріндегі көлік құрастырушыларға төсбелгі мен мемлекеттік наградалар табысталды. Сондай-ақ аталмыш салаға еңбегі сіңген 100-ден астам қызметкер арнайы марапаттарға ие болды. 

АЗАМАТ ПАНБАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІ ӨНЕРКӘСІП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін мына іс-шараның аясында 25-тен астам азаматқа “Құрметті машина жасаушы” төсбелгісі беріліп отыр. Жалпы елімізде 4000-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді, саланың үлесі өңдеу өнеркәсібінде 18 пайыздан асады.