Алматыдағы Ядролық физика институтында 57 жылдан бері ядролық реактор тоқтаусыз әрі табысты жұмыс істеп келеді. 2016 жылы конверсиялық бағдарлама жүргізіліп, реактор жаңартылған. Институтта 700-ден аса қызметкер бар. Олардың айтуынша, жарты ғасырдан аса тарихы бар реакторда осы кезге дейін бірде-бір ақау болмаған. Көп функциялы реактордың жұмысымен тілшіміз танысты.
«Реактор өз қызметін үздіксіз әрі қауіпсіз атқарып келеді»-дейді мамандар. Одан бөлек, қызметкерлер зерттеу реакторының атом электр станциясынан басты айырмашылығы неде екенін түсіндірді. Жақсылық Тезекбаевтың айтуынша, олар реакторға нейтрон арқылы зерттеу жасайды.
ЖАҚСЫЛЫҚ ТЕЗЕКБАЕВ, ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫ ЗЕРТТЕУ РЕАКТОРЫ БАС ИНЖЕНЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі Қазақстанның қарастырып жатқан АЭС-і былайша айтқанда осы алдыларыңызда тұрған су-сулы зерттеу реакторының макеті болып табылады. Ол дегеніміз екі контурлы. Бірінші контурдағы суды екінші контур охлаждать етеді деген сөз. Біздің зерттеу реакторы 6мгб болса, ал АЭС-те қарастырылып жатқан реактор 1200. Яғни, әрине 200 десе көп деген сөз. Барлық жағынан қауіпсіздік шаралары қарастырылып, Магатэ деген ұйым бар. Сол Магатэның келісімімен барлық жағдай қарастырылып, жақсы жағдайда болады деп ойлаймын.
Реактор тек ғылыми зерттеулер жүргізіп қана қоймай, медицина мен өнеркәсіп үшін радиоизотоптар шығарады. Онкологиялық аурулардың алдын алу үшін өндірілетін препараттар Астана, Семей қалаларына жіберілетін көрінеді. Биыл Қырғызстанға да тасымалдана бастаған. Одан бөлек, сала мамандары институттағы ыстық камерамен таныстырды. Мұнда әртүрлі функция атқаратын 5 камера бар. Қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін биологиялық қорғаныс орнатылған.
НҰРЛАН СҮГІРЖАНОВ, ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ИНЖЕНЕРІ:
Біріншісі например кесу үшін арналған болса, екіншісі гидропочта деп аталады. Үшінші камера дегеніміз уақытша сақтау орны радиоактивті отходтардың. Төртінші камера дегеніміз йод 131 деп аталады. Онкологический больницаға, терапияға көбінесе соған қолданады. Бесінші камера дегеніміз ол дәнекерлеуші камера. Осы жерде өзіміз сәулелендіреміз. Радиактивті болғаннан кейін осы камераның әр жағында жасалады жұмыстардың бәрі.
Ұлттық ядролық орталықтың басшысы Эрлан Батырбеков «Атом электр станциясын орнату еліміздің әлеуеті үшін маңызды қадам»- дейді.
ЭРЛАН БАТЫРБЕКОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЯДРОЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
Қазіргі таңда әлемде атом энергетикасын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. 31 елде қуаттылығы 375 гигаватт болатын 415 атом электр блогы жұмыс істеп тұр. Қазақстанның энергетика жүйесіне қуаты мықты электр станциясы керек. Себебі, елімізде электр тапшылығы артып келеді. Ғылым, білім, экономика, әлеуметтік сала үшін оңтайлы болады. Одан бөлек, уранды тұтынудың ішкі нарығы пайда болып, жылу шығаруды қамтамасыз етер едік.
Эрлан Батырбеков Атом электр станциясы экологиялық таза электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етіп, көмірқышқыл газының шығындарын азайтатынын да атап өтті.