Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелдік мамандармен тәжірибе алмасты

Астанада Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының конференциясы өтті. Педагогтер оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру бағытында шетелдік мамандармен тәжірибе алмасты. Алғаш рет ұйымдастырылған жиынға 30 мемлекеттен 850 оқытушы қатысты. Олар оқу үдерісінің тиімділігі мен оқушылардың білім сапасын арттыру жолдарын талқылады. Үш күнге жоспарланған конференцияда постер-сессиялар, шеберлік сағаттары мен кездесулер болды. Әр бөлімде мұғалімдер түрлі оқыту әдістемелерін үйренді. Сондай-ақ отандық тәжірибені көпшілік назарына ұсынды. 

АНУАР ЖАНҒОЗИН, NIS ДББҰ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Қазіргі таңда «Сабақты зерттеу» әдісі дамыған елдерде қолданылады. Бұл тәсіл мұғалімдерге сабақты бірлесіп жоспарлауға және бір-бірінің сабағына қатысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сабақ барысында туындаған мәселелерді бірлесіп шешуге көмектеседі. Он жылдан бері Назарбаев зияткерлік мектептері бұл тәсілді отандық барлық жалпы білім беретін мектептерге енгізіп отыр.