Соңғы 2 айда Қазақстан мен Қытай арасында тауар айналымы 30 пайызға артты. Қос мемлекеттің вице-премьерлер кездесуінде Асқар Мамин осылай деді. Бұл жоғарғы көрсеткіш. «Жібек жолы» транспорттық инфрақұрылымның дамуы екі ел арасындағы инвестициялық серіктестікті жаңа белеске шығарып отыр.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
Қытай-Қазақстан-Еуропа
бағытындағы контейнерлік тасымал 2017 жылдың 3 айында өткен кезеңге қарағанда
екі есеге артып отыр. Бұл «Нұрлы жол» бағдарламасының "Бір белбеу, бір
жол" жобасының іске асқанын көрсетеді.